$ 494.87  520.65  4.91

Шымкенттегі төртінші аудан Қаратау деп аталды

Жақында ғана Шымкентте төртінші аудан құрылатыны жарияланған болатын. Оның ең басты себептерінің бірі - қала аумағы былтырдан бастап ұлғайды. Тиісінше, халық саны мен жер көлемі артты, деп хабарлайды Оtyrar.kz.

Осыған орай облыс әкімдігі мен өзге де тиісті қызметкерлер бүгін Шымкентте жаңа ауданның атауын таңдауды ұйымдастырған болатын. Қаладағы балалар мен жасөспірімдер сарайында қоғамдық тыңдау өтті. Оған әкімдер, бөлім басшылары мен мемлекеттік қызметкерлер, депутаттар және барша қала тұрғындары қатысты.

Қоғамдық тыңдауда жаңа ауданның Қаратау деп аталатыны мәлім болды. Айта кету керек, Қаратау атын белгілі жазушы, қоғам қайраткері Мархабат Байғұт ұсыныпты.

Сөйтіп, бұл ұсынысты көпшілік қолдаған. Жаңа ауданның көлемі - 33 300 гектар. Оның құрамына 28 елдімекен кіреді. Яғни, бұл - шамамен 210 000 халық деген сөз.

Қазір ғана жаңа ауданның аты жөніндегі қаулы қабылданды. Енді бұл қаулы республикалық ономастикалық комиссияда қаралып, бекітілуі тиіс.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары