$ 496  588.01  6.42

Алматыда сенбі күні бірқатар көшелер жабылады

2014 жылдың 30 тамызында Алматыда ҚР Конституция күніне орайластырылған веложарыс өтеді, деп хабарлайды Skifnews.kz

Алматы қаласы әкімінің баспасөз қызметі мәлімдегендей, қатысушылар сағат 07.30-да «Сұңқар» Халықаралық шаңғы трамплиндер кешенінде жиналып, 08.00-де сөре сызығынан асады. Мәре алаңы Орталық стадионда белгіленген.

«30 тамыз 2014 жылы велошерудің өтуіне байланысты, «Сұңқар» Халықаралық шаңғы трамплиндер кешенінен - әл-Фараби даңғылы - Розыбакиев көшесі - Абай даңғылымен Орталық стадионға дейін автокөліктер үшін жол ішінара уақытша жабық болады. Осыған орай, алдын ала бағыттарыңызды жоспарлап алуларыңызды сұраймыз», делінген қала әкімдігінің хабарламасында.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0