$ 494.87  520.65  4.91

БҚО-да мұғалімдердің еңбекақысын ұрлаған «Қазпошта» кассирі 5 жылға сотталды

Батыс Қазақстан облысында мұғалімдердің еңбекақысын ұрлап алған «Қазпошта» кассирі сотталды, деп хабарлайды Skifnews.kz.

Облыстық прокуратураның баспасөз қызметі мәлімдегендей, Казталов ауданының прокуратурасымен аудандық білім беру бөліміндегі еңбек заңнамасының қолданылуына жүргізілген тексеру барысында Сатыбалды жалпы білім беретін орта мектебінің қызметкерлеріне 2014 жылдың ақпан айы үшін жалақы төленбегендігі анықталды.

Бұған, «Казпошта» АҚ-ның қызметкерлерімен ақша қаражатының ұрланғандығы себеп болған.
Прокурорлық тексеріс материалдары бойынша қылмыстық іс қозғалды.

«Тергеу барысында Жалпақтал «Казпошта» АПББ кассасының бас кассирі А.Зайнуллина а.ж. 26 ақпанында сеніп тапсырылған мүлікті ұрлау мақсатында, өзінің жұмыс орынында отырып, «Colvir» бағдарламасы арқылы кассалық шығыс ордері бойынша бекіту түрінде Көктерек ауылының пошта байланысы бөлімшесіне БҚО Казталов ауданының Сатыбалды ЖОББМ-нің қызметкерлеріне 2014 жылдың ақпан айы үшін еңбек ақы төлеуге арналған 3 000 000 теңге сомасындағы ақша қаражатын жолдағандығы анықталды», делінген хабарламада.

Бірақ, іс жүзінде А.Зайнуллина ақшаны пошта байланысының ауылдық бөлімшесіне жібермей өзі иемденіп алып, оның бір бөлігі 1 342 100 теңге сомасын өзінің жеке қажеттілігіне жұмсаған.

4 тамызда сот ұйғарымы бойынша А.Зайнуллина қылмыс жасағандығы үшін кінәлі деп танылды және оған мүлкін тәркілеу арқылы 5 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары