$ 449.58  486.94  4.86

ОҚО-да заңсыз сақтаған қарумен адам өлтірген азамат 5 жылға сотталды

Оңтүстік Қазақстан облысында заңсыз сақтаған қарумен адам өлтірген азамат 5 жылға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды Bnews.kz

Қылмыстық іс Оңтүстік Қазақстан облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында қаралды. 

Сот отырысында сотталушының айтуынша, Сарыағаш қаласындағы «Мәдениет үйінің» маңынан 12-ші калибрлі бір ұңғылы шолақ мылтық тауып алып, тәртіп сақшыларына хабарламай, өз үйінде заңсыз сақтаған. Оған қоса қазан айында танысымен ішімдік ішіп, сөзге келіп қалған. Сол сәтте қалтасындағы заңсыз сақтап келген қаруымен оқ атқан. Ауыр жарақаттың салдарынан сотталушының танысы оқиға орнында мерт болды. 

Облыстық қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты айыпталушыға 5 жылға бас бостандығынан айыру жазасын кесті.

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары