$ 443.85  474.3  4.8

Қазақстан да дағдарыстан шыға алады – Путин

Владимир Путин Еуразиялық экономикалық одақ іске қосылғаннан кейін Қазақстанға экономикалық дағдарысты еңсеру оңай болады деп есептейді, бұл туралы ол «Россия-24» телеарнасының эфирінде трансляцияланған жыл сайынғы баспасөз мәслихатында мәлімдеді.

Путин Қазақстанның да Ресей сияқты «сыртқы жағдайлардың теріс ықпалына тап болатынын» айтты.

«Бірақ Ресей сияқты Қазақстан да мұнайға тәуелді болғандықтан дағдарыстан шығады. Әлемдік экономикада мұнайға деген сұраныс артып, біздің экономикамыз энергоресурстар бағасының арзандауына бейімделеді. Екі ел дағдарыстан интеграцияға түсіп, тауар, жұмысшы күші мен капиталдың еркін айналуына жағдай жасау арқылы шыға алады», – деді Ресей президенті.

Естеріңізге сала кетейік, Қазақстан, Ресей мен Беларусь арасындағы Еуразия экономикалық одағы 2015 жылдың 1 қаңтарынан жұмысын бастайды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары