$ 444.22  476.38  4.82

Петропавлда қоқыс жәшігінен 19 жасар қыздың өлі денесі табылды

Петропавлда СҚО полицейлері бір тәулік ішінде 19 жастағы қызды өлтірді деген күдікпен қала тұрғынын ұстады, деп хабарлайды BNews.kz

ІІД баспасөз қызметінің жетекшісі Мәдина Балғашұқованың айтуынша, 19 желтоқсан күні қаладағы шағын аудандардың бірінде қоқыс жәшігінен қыздың мәйіті табылған.

«Осы оқиғаға байланысты жедел іздестіру шаралары кешені жүргізілді. Нәтижесінде криминалистер «Папилон» АДАЖ базасын қолдана отырып, марқұмның кім екенін анықтады. Ол 1995 жылы туған Петропавл тұрғыны болып шықты. Мәйіт сот-медициналық сараптамаға жіберілді», - деп түсіндірді Мәдина Балғашұқова.

Оның айтуынша, полиция қызметкерлері аталған қылмысты жасады деген күдікпен Петропавлдың 1977 жылы туған тұрғынын ұстады. 

«Осы факті негізінде ҚР ҚК 96 бабы 1 бөлімі – «Кісі өлтіру» бойынша қылмыстық іс қозғалды», – дейді баспасөз қызметінің жетекшісі.

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары