$ 444.22  476.38  4.82

Семейдегі жарығы жоқ көшеде қыз зорлау көбейген

Қараңғы көшеде қылмыс өршіп тұр. Семейде шеткі ауданның тұрғындары осылай наразылық білдірді. Онсыз да жолы жоқ көшеге көлік атаулы атап баспайды екен, деп хабарлайды «Ктк арнасы».

Ал сабақтан кеш қайтқан оқушылар тас қараңғыда соқыраңдап жүруге мәжбүр. Тек мұнда жұрттың жанайқайына құлақ асып жатқан жан жоқ.

Жер үйлер арасындағы дүкенде жарқырап тұрған шам қазірде бірнеше көшеге жалғыз жарық көзі болып тұр. Семей шетіндегі Алыс ықшамауданының жұрты дәл осы жерде жиі бас қосады. Барлығының басын ауыртқан мәселе – жарықтың жоқтығы.

«Автобус мына жерге келмейді. Біздің  тұрған жерімізден аялдамаға 2-3 шақырымдай болады. Үлкен адамдарға барып-қайту жаман. Таксистердің  өзі  жолдарың жаман деп келмейді», – дейді Мұхамедрақым Жұмәділов.

Қашықтағы аялдамадан мектеп оқушылары да жаяу қайтады. Қараңғы көшелермен жүру қорқынышты болса да амал жоқ. Ата-аналар сол бүлдіршіндер үшін алаңдаулы.

Себебі соңғы кездері мұнда қылмыс өршіп кеткен. Қарақшылық, тонау былай тұрсын, жақында бұл жермен өткен жас қызды зорламақ болыпты.

«Зорламақшы болған. Бір машина келіп қалып, фараны жаққаннан кейін қашып кетті. Осы жарықтың кесірінен неше түрлі болып жатыр», – дейді Ербол Бектұрсынов.

Бұдан сескенген жұрт, көшелерге жарық орнатуды талап етуде. Жағдай өзгермесе, адам қазасы орын алуы әбден мүмкін деп отыр.

Алыс ықшамауданындағы орталық көшеде  жарық жоқтың қасы. Бағдаршам істен шыққан. Жол жиегі қазылып жатыр. Мұнда адам тұрмақ, көліктер де бірнеше рет құлаған екен. Бұл көшенің күрделі жөндеуі келесі жылы аяқталады. Ал қалған көшелермен не болары белгісіз.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары