$ 448.89  477.93  4.76

Қазақстанның Ресеймен тауар айналымы төмендеді

Ағымдағы жылдың 11 айында Қазақстанның Ресеймен тауар айналымы 19,7 пайызға төмендеді.  Бұл туралы бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ҚР Ұлттық экономика вице-министрі Мәдина Әбілқасымова мәлім етті.

«Ағымдағы жылдың 11 айында Ресеймен арадағы тауар айналымы 19,7 пайызға төмендеді. Экспорт та, импорт та қысқарды», – ҚР Ұлттық экономика вице-министрі.

М.Әбілқасымованың айтуынша, мұндай үрдіс Ресеймен сауда ынтымақтастыққа ғана тән емес.

«Толықтай алғанда ағымдағы жылдың 10 айы ішінде біз басқа да сауда серіктестермен арадағы жалпы тауар айналымының 8,3 пайызға төмендегенін байқап отырмыз», – деді вице-министр.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары