$ 445.66  474.58  4.78

Қазақстанның 5 облысында өнеркәсіп өндірісі құлдыраған

5 өңірде өнеркәсіптің құлдырағаны байқалып отыр. Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметінің баспасөз мәслихатында ҚР Ұлттық экономика вице-министрі Мәдина Әбілқасымова мәлім етті.

«Өңірлер бөлінісінде 5 өңірде өнеркәсіптің құлдырауы байқалып отыр. Бұл Ақтөбе облысы – 4,7 %-ға, Астана қаласы – 3,7%-ға, Қызылорда облысы – 2,8%-ға, Павлодар облысы – 2,7%-ға және Атырау облысы – 1,1%-ға төмендеді», – деді М.Әбілқасымова. 

Сондай-ақ, вице-министр  Павлодар, Жамбыл, ОҚО, Қарағанды, Қостанай облыстарында ауыл шаруашылығы өнімі өндірісі қысқарғанын атап өтті. 

«Ауыл шаруашылығының нақты көлемінің индексі өсімдік шаруашылығындағы өндіріс көлемінің 3,2%-ға төмендеуі есебінен ағымдағы жылғы 11 айда 99,6%-ды құрады. Мал шаруашылығы өнімін өндірудің нақты көлемінің индексі 103,5%-ды құрады. Өсімдік шаруашылығындағы өндіріс көлемінің төмендеуі дәнді дақылдар өнімін жалпы жинаудың азаюына байланысты. Алдын ала деректер бойынша ағымдағы жылғы 17 млн тонна жиналды, бұл 2013 жылға қарағанда 6,6%-ға төмен», – деді вице-министр.

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары