$ 447.4  477.55  4.76

Қазақстанның басым аумағында күн құбылмалы болады

Қазақстанның басым аумағында атмосфералық ағымдардың өтуінен күн райы құбылмалы болады, кей жерлерде қар жауып, тұман түседі, көктайғақ болады, деп хабарлайды Skifnews.kz «Қазгидромет» РКМ-ға сілтеме жасап.

Синоптиктердің мәліметінше, республиканың солтүстік-батысында аздап боран соғады, ал еліміздің шығысында, орталығы мен оңтүстігінде күн ашық болады. 

Атырау облысында кей жерлерде тұман түсіп, көктайғақ болады. 

Батыс Қазақстан облысында кей жерлерде тұман түседі, 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады, көктайғақ болады. 

Маңғыстау облысында күндіз кей жерлерде көктайғақ болдаы, 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады. 

Ақтөбе облысында кей жерлерде тұман түсіп, көктайғақ болады, күндіз желдің күші 15-20 м/с-ке жетеді. 

Қостанай облысында тұман түседі, таңертең және күндіз аздап боран соғып, желдің жылдамдығы 15-20 м/с-ке дейін жетеді. 

Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Қарағанды, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан облыстарынла кей жерлерде тұман түседі. 

Шығыс Қазақстан облысында түнде және таңертең кей жерлерде тұман түседі. Алматы облысында Жалаңашкөл ауданында 20-25 м/с жел соғады, түнде және таңертең көктайғақ болады деп болжануда. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары