$ 448.15  483.46  4.86

Мұнайлы өлкенің үздік кәсіпкерлері марапатталды

Жаңаөзенде өткен «Табыс-2014» көрме-жәрмеңкесінде қаланың  үздік кәсіпкерлері анықталды, деп хабарлайды Skifnews.kz қала әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Табыс-2014»  көрме-жәрмеңкесіне  ең мықты да, сапалы  өнімдер көрсетілді.

Көрме-жәрмеңкесіне қала әкімі С. Трұмов,  Жаңаөзен қалалық мәслихат хатшысы С. Мыңбай, «Нұр Отан» партиясы Жаңаөзен қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Ғ. Байжанов, Жаңаөзен қалалық кәсіпкерлер палатасының кеңесшісі С. Машқұлов сонымен қатар Теңге ауылы ақсақалдар кеңесінің төрағасы Ж.Али мен Теңге ауылы әкімі Ү.Максимов қатысты.

Көрме-жәрмеңкесінің қорытындысы бойынша Жылдың үздік кәсіпкері – жеке кәсіпкер Мусаев Тимур Мусаұлы.

Үздік әйел кәсіпкер ретінде – Шырақбаева Назгүл Сауытбайқызы.

Халыққа қызмет көрсету саласының үздік кәсіпкер номинациясы бойынша

1. Кариева Қарлығаш Әбенқызы
2. Кушкимбаева Марзия Нұрбергенқызы
3. Тағаниязова Ақтолқын Танашқызы – марапатталды.

Халықтың қолөнер саласының үздік кәсіпкер номинациясы бойынша
1. Беспаева Айгүл Ерболатқызы
2. Әлиев Қуаныш Өткілбайұлы – марапатталды.

Өнеркәсіп саласындағы үздік кәсіпкер номинациясы бойынша – Айтбаев Садуақас Нұғыманұлы марапатталды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары