$ 444.22  476.38  4.82

2015 жылы Астанадағы автобустарда кондуктор болмайды

Алдағы жылы Елордадағы жолаушыларды тасымалдайтын автобустарда кондукторлар болмайды. Бұл туралы Астана қалалық Жолаушылар көлiгi және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Рашид Аманжолов мәлімдеді.

Алайда, Рашид Аманжоловтың айтуынша, әзірге кондукторлар өз қызметтерін атқара береді.

«Келесi жылы бiз электронды билеттердi енгiзген кезде олар бiрте-бiрте шыға бастайды. Электронды билеттердi кезең-кезеңiмен енгiзудi 2015 жылдың наурыз айында бастаймыз. Жаздың соңына дейiн жүйенi толығымен енгiзбекпіз», – деп атап өттi ол.

Сондай-ақ, билет құны жолаушының жүрген жолына ғана есептеледі. Мәселен ең ұзақ маршрут 90 тенге болса, жарты жолға дейін келетін азаматтар оның жартысын ғана төлейді. Ол үшін арнайы карталар сатып алу қажет. Онда автоматты түрде жолаушының өткен жолы алынып отырады. Ал қоғамдық көлiкте тегiн жүруге рұқсат алған адамдар бұрынғыдай ақысыз жүре алады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары