$ 445.66  474.58  4.78

Маңғыстау облысы Түркіменстанның Балқан уәлаятымын тығыз байланыс орнатты

Маңғыстау облысының әкімдігі Балқан уәлаяты арасында ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылды. Бұл туралы Қазақстан мен Түрікменстан Президентері келіссөздерінің қорытындысы бойынша өткен бірлескен брифинг барысында Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев мәлімдеді деп, хабарлайды Skifnews.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Мемлекет басшысы екі елдің шекаралас аумақтары арасындағы тікелей байланысты дамытудың маңыздылығын атап өтті. 

«Маңғыстау облысының әкімдігі мен Балқан уәлаяты хякимлигі арасында сауда-экономикалық, ғылыми-техникалық және мәдени ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылды. Ол шекаралас облыстардың өзара ықпалдастығын тереңдетуге елеулі серпін беретін болады», – деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Сондай-ақ Мемлекет басшыларының келіссөздер қорытындысы бойынша төмендегідей құжаттарға қол қойылды: Халықаралық Түркі академиясы мен Түрікменстан ғылым академиясының арасындағы өзара түсіністік туралы меморандум; Қазақстанның Сыртқы сауда палатасы мен Түрікменстанның өнеркәсіпшілер және кәсіпкерлер одағының арасында Іскерлік кеңес құру туралы келісімге; Қазақстан Республикасы Маңғыстау облысының әкімдігі мен Түрікменстанның Балқан уәлаятының хякимлигі арасында сауда-экономикалық, ғылыми-техникалық және мәдени ынтымақтастық туралы келісім; Қазақстан Республикасы Үкіметі мен Түрікменстан Үкіметі арасында Қазақстан – Түрікменстан – Иран халықаралық транзиттік телекоммуникациялық бағытын құру туралы меморандум; Қазақстан Республикасы Үкіметі мен Түрікменстан Үкіметінің арасында теңіз көлігі саласындағы ынтымақтастық туралы келісім; Қазақстан Республикасы Президенті мен Түрікменстан Президентінің бірлескен мәлімдемесі. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары