$ 494.87  520.65  4.91

Өзбекстан милициясы жезөкшелер үйін бейнекамераға түсіріп, видеоны желіге таратып жіберген (ВИДЕО)

Әндіжанда жекеменшік үйге жүргізілген рейд барысы видеоға түсіріліп, интернетке тарап кетті деп жазады centralasian.org. Жеке үй жезөкшелер үйіне айналған. Интернет қолданушылар арасында бұл оқиға жеке өмірге араласу деп үлкен дау туғызып отыр.

Әндіжан облысы Алтынкөл ауданы милиция қызметкері жезөкшелер үйіне келушілерді видеоға түсіріп, оны интернетке жариялаған.
 
13 шілдеде Алтынкөл аудандық әкімшілік соты ұйымдастырушы әйелді күйеуінің ата-анасының үйін жезөкшелер үйіне айналдырды деп айыптап, оған бір айлық есептік көрсеткіш есебінде айыппұл салған.
 
Бірақ үй қожайындары милиция қызметкерін "адамың жеке өміріне қол сұқты" деп айыптап, құқық қорғау органдарынан тиісті шара қолдануын сұрайды. Бұл видео 26 сәуірде түсірілген екен. Ташкенттік адвокат шулы видео расында сот талқысына салынуы керектігін, себебі Өзбекстан қол қойған Адам құқықтары жөніндегі халықаралық декларацияда жеке өмірге қол сұғуға болмайтыны айтылған дейді.
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары