$ 494.87  520.65  4.91

Шымкентте ер адам әйелін сабап өлтірген

Шымкенттегі Қайнарбұлақ саяжайында ер адам азаматтық некедегі әйелін ұрып соғып өлтірген. Туыс әпкесінің үйіне қонаққа келген бүлдіршін қыз бала қанды оқиғаға басты куәгер деп жазады Otyrar.kz.

Шымкент қаласының мамандандырылған қылмыстық істер жөніндегі сотына 1986 жылы туған Э. есімді күдіктіге қатысты қылмыстық іс материалдары келіп түскен. Э. есімді Шымкент қаласының тұрғыны марқұм әйеліме ұзақ уақыттан бері азаматтық некеде болған. Екеуінің егіз сәбиі бар. Бүлдіршіндерінің анасын ұрып өлтірген күдікті уақытша жұмыссыз болған.

Сотталушы арақ ішіп, ақырында тағы да алкоголь ішкісі кеп іздей бастайды. Әйелін сыраға дүкенге жұмсамақ болған. Дүкенге баруға қарсы болған әйеліне ашуланған күйеуі ашуға мініп, дереу жанжалдасып, ақырында әбден ұрып соғып өлтірген. Марқұм әйелдің артында емізулі бір жасар егіз баласы қалды.

Жанар Есенбекова

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары