$ 490.84  536.88  5.04

Алматыда ұлулардың мүсіні пайда болды

Алматыда жер асты өткелдерінің шатырында ұлу мүсініндегі арт-нысандар пайда болды деп хабарлайды халықаралық Park Fest фестивалінің ұйымдастырушылары. 

Ұлулар Абай мен Достық, Абылай хан мен Қабанбай батыр, Абылай хан мен Гоголь көшелерінің қиылысындағы және әл-Фараби атындағы ҚазҰУ орналасқан Тимирязев көшесінде жер асты өткелдерінің шатырында пайда болды. 

«Ұлулардың» авторы – италиялық Cracking Art арт тобы. Бүкіл әлемде Cracking Art қалалық инсталяцияларымен танылған ұйым 1993 жылы құрылған. Жобаның мақсаты - қаланы үлкен көрме алаңына айналдыру және экологияны қорғау. 

Авторлардың айтуынша, ұлу – көрермендермен өзіндік ойын түрінің бірі. Шиыршық (спираль) адамның құлағына ұқсас, ал бақалшақ (панцирь) үйді меңзейді, ал  «айқұлақ» «@» италиянша ұлу деп аударылады екен.  13 қазанда Алматыда қосымша ұлу инсталяциялары пайда болуы мүмкін. 

Дереккөз: Тengrinews.kz

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары