$ 443.35  475.54  4.82

Денис Теннің туыстары оқиға куәгерлерін іздеуді қайта бастады

Сочиде өткен Олимпиада ойындарының жеңімпазы Денис Теннің туысқандары мен достары 19 шілде күні Құрманғазы мен Бәйсейітова көшелерінің қиылысында болған қайғылы жағдайдың куәгерлерін іздестіріп жатыр.

«2018 жылы 19 шілдеде сағат 14:50 кезінде Құрманғазы мен Бәйсейітова көшелерінің қиылысында көліктері тұрған азаматтар хабар берулеріңізді сұраймыз. Денис Тенді өлтірген қылмыскерлерге қатысты толық ақпарат жинауға көмектесіңіздерші. Бұл резонанстық істе әрбір деталь маңызды. Бірнәрсе байқап қалған әрбір адамның пікірі маңызды. Бұл жерде маңызды емес деген дүние жоқ! Әрбір детальдың өз рөлі бар. Автотіркеуіштегі жазбаларыңызды қайта қарап шығуды өтініп сұраймыз. 2018 жылы 19 шілдеде көлігіңіздің қайда тұрғанын еске түсіріңіздерші. Өтініп сұраймыз. Кез келген сенімді ақпарат үшін алғыс айтамыз! Ешкімнің есімі жария етілмейтініне уәде береміз! Тәуліктің кез келген уақытында +7 701 808 80 00 нөміріне хабарласуларыңызға болады», — делінген Instagram-парақшасындағы хабарлама мәтінінде.

Бұл хабарландыруды көптеген қазақстандық жүргізуші мен актер өздерінің желідегі парақшасында бөлісті. Денис Тен 2018 жылы 19 шілдеде пышақ жарақаты салдарынан көз жұмды. Мәнерлеп сырғанаушы Денис Тенге өзі ұстап алған ұрылар шабуыл жасады. Қайғылы жағдай Құрманғазы мен Бәйсейітова көшелерінің қиылысында сағат түскі 3 шамасында болды.

Дереккөз: Sputniknes.kz

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары