Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев көрші қырғыз еліндегі жағдайды мұқият бақылап отыр. Бұл туралы ҚР Президентінің баспасөз хатшысы Берік Уәли мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Sn.kz ақпараттық порталы.
«Қазақстан Президенті Қырғызстандағы болып жатқан жағдайды мұқият бақылап отыр. Мемлекет басшысы бауырлас көрші елдегі ахуал Қырғыз Республикасының ішкі шаруасы деп есептейді. Қасым-Жомарт Тоқаев бұл жағдай жуық арада елдің қолданыстағы заңы аясында шешілетініне үміттенеді», - деді Берік Уәли Facebook-парақшасында.
Еске сала кетейік, кеше кешкі сағат 8 шамасында Атамбаевтың ауласына арнайы жасақ оқ жаудырып, 15 адам жараланды. Кейін 1 арнайы жасақ өкілінің қайтыс болғаны хабарланды.
Сондай-ақ, Қырғызстанның экс-президенті Алмазбек Атамбаев көпшілікке үндеу жасады.