$ 494.87  520.65  4.91

Ақтаудағы базарда балаларын киіндірмек болған әйелдің бар ақшасын ұрлап кетті

Зардап шеккен келіншек полицияға жүгінген.

14 тамыз күні белгісіз біреулер жергілікті базарлардың бірінде әйел адамның әмиянын ұрлап кеткен. Ұрылардың құрбанына айналған ана әмиянның ішінде бір айлық жалақысының болғанын айтады. Зардап шеккен келіншек полицияға жүгінген деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Ақтау тұрғынының айтуынша, бұл күні ол жалақысын алып, балаларды киіндіру үшін анасымен базарға шыққан.

"Біз анаммен алдымен оның жұмыстары бойынша жүріп, қажетті заттарын сатып алдық. Азық-түлік пакеттерін жинап жатқанша, мен әмиянымнан айырылып қалдым. Ұрыларға бірнеше минут та жеткілікті болды. Менің бір жарым және екі жарым жастағы екі балам бар. Оларды киіндіргім келген, ал енді бір тиын да қалған жоқ", - дейді жәбірленуші.

 

Екі баланың анасы оны қалай тонағанын да сезбегенін айтты.

"Олар үшеу болды. Біріншісі әмиянды шығарып жатқанда, тағы екеуі бізді алдаусыратып тұрған. Мен ештеңе сезбедім", - дейді қала тұрғыны.

Жәбірленуші үшеуі де әділ жазаға тартылады деп үміттенеді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#Ақтау