28.02.2020, 18:20

Дулат Ағаділдің анасы отбасы рұқсатынсыз бейнежазба таратқандардың үстінен прокуратураға арыз түсірді

Прокурор орынбасары асығыс шешім жасамауға, жалған ақпарат таратпауға үндеді.

Қоғам белсендісі Дулат Ағаділдің анасы прокуратураға арыз түсірді. Бұл туралы қала прокурорының орынбасары Елдос Қилымжанов мәлім етті, деп хабарлайды Sputnik.

"Бүгін бізге марқұм Дулат Ағаділдің анасы арызданып, отбасы рұқсатынсыз бейнежазба жасап таратқандарды жауапқа тартуды сұрады. Ол бейнежазбаның жасалғанына және оған жазылған пікірлерге қатты ашуланып отыр", - деді Қилымжанов арнайы баспасөз мәслихатында.

Осы орайда, прокурор орынбасары асығыс шешім жасамауға, сондай-ақ, жалған ақпарат таратпауға үндеді.

Тағы оқи отырыңыз: Белсенді Дулат Ағаділдің өліміне қатысты тергеуді Бас прокуратураның өзі қолға алды

Тергеу изоляторында белсенді Дулат Ағаділдің қаза болуына байланысты бір топ адам ІІМ-нің алдына жиналды

Дулат Ағаділдің жерлеу рәсіміне қатысқан 7 белсендіні полиция ұстап әкетті (ВИДЕО)

«Депутаттардан онсыз да қайыр жоқ»: Қайрат Жолдыбайұлы қоғам белсендісінің өліміне жүйені кінәлады

«Жендеттерді өлімімен жеңді арыс»: марқұм Дулат Ағаділге елге танымал ақындар өлең арнап жатыр

Айта кетейік, бұған дейін желіде Дулат Ағаділдің жерлеу рәсімінен түсірілген бейнежазба тараған болатын. Авторлар мәйітті көрсетіп, комментарий жасаған.

 

Тегтер: Дулат Ағаділ