$ 498.34  519.72  4.85

«Абай-175»: Қызылордалық жастар әуенді челлендж бастады

Әдеби-сазды шарада жастарды толғандырып жүрген бірқатар мәселе де сөз болды.

Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің студенттері Абай өлеңдерін шырқап, өзге оқу орындарына жыр эстафетасын жолдады, деп хабарлайды Sn.kz.

Әдеби-сазды шарада жастарды толғандырып жүрген бірқатар мәселе де сөз болды. 80 жылдан астам тарихы бар Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде тәлім алатын шәкірттер мамандық таңдау мен еңбек нарығын реттеу жүйесін қалыптастыру керектігін айтады. Білім ордасында құрылған 19 жастар ұйымы мен 9 студенттік кеңес тарапынан ұсынылған жобалар республикалық «Jas Otan» бағдарламасына енгізілетін болды.

«ҚР 645-тен астам жатақхана болса, колледж, ЖОО-да соның 66-сы ешқандай санитарлық нормаға сай келмейді. Жекеменшік ЖОО-да біз 35 мың жастан анкета өткіздік. Соның қорытындысын 3 наурыз күні шығарамыз. Қандай ЖОО-да жемқорлық деңгейі жоғары болатын болса, біз тікелей Білім және ғылым министрлігімен осы мәселені шешумен айналысамыз», – дейді «JasOtan» жастар қанатының төрағасы Елнұр Бейсенбаев.
 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары