$ 449.3  489.69  4.89

Семейде зираттан өрт шықты

Сондай-ақ тілсіз жаудың салдарынан 45 мола бүлінді.
Фото: inform.kz
Фото: inform.kz

Семей қаласында зиратта өрт шыққан, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қалалық Төтенше жағдайлар басқармасы баспасөз қызметінің мәліметінше, бүгін сағат 11.45 шамасында өрт сөндірушілерге «Семей-Көкентай» тасжолының 3 шақырымында өрт шыққаны жайлы хабар түскен. Қызыл жалынды ауыздықтауға 3 автоцистерна мен жеке құрамнан 9 адам аттанды.

«Олар оқиға орнына келіп жеткенше зираттағы өрт 300 шаршы метр аумақтағы шөпке жайылған. Сондай-ақ тілсіз жаудың салдарынан 45 мола бүлінді. Өрт сағат 12.42-де толықтай сөндірілді», - делінген ведомство мәліметінде.

Айта кетейік, өрттің шығу себебі отты абайсыз пайдаланудан болуы мүмкін.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#өрт #зират