Қазіргі уақытта Алматы қалалық полиция Департаментінің тергеу басқармасы «Ql-Trade Kazahstan» ЖШС басшылығы жасаған ірі көлемдегі алаяқтық фактісі бойынша қылмыстық істі тергеп жатыр.
«Еске салайық, 2020 жылдың 14 желтоқсанында 99 салымшы Медеу аудандық полиция Басқармасына қаржы пирамидасын құру және басқару туралы ұжымдық өтінішпен жүгінді. Қазіргі уақытта құрбан болғандардың тізімі едәуір өсті, эпизодтар елдің басқа қалаларында да анықталды. Күдікті - С.есімді азамат халықаралық іздеуде. Аталған ЖШС салымшылары болып табылатын азаматтарды мына мекенжай бойынша шақырамыз: Алматы қаласы, Масанчи көшесі 55 немесе телефондар: 254-43-80; 254-49-82; + 7-777-250-68-37; + 7-707-555-50-87 немесе 102 », - деп түйіндеді, Алматы қалалық полиция Департаменті бастығының орынбасары, полиция подполковнигі Рустем Абдрахманов.