Жаңалықтар 24.02.2021 сағат 18:20

Қазақстанда 65 жастан асқан адамдарды вакцинациялауға рұқсат берілді

Жас ерекшелік санатындағы адамдарды вакцинациялауға рұқсат беру туралы шешім қабылданды.
Қазақстанда 65 жастан асқан адамдарды вакцинациялауға рұқсат берілді
Фото: rbk.ru
Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі, бас мемлекеттік санитарлық дәрігер Ерлан Қиясов коронавирусқа қарсы 65 жастан асқан адамдарды вакцинациялауға байланысты түсінік берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«65 жастан асқан адамдарды вакцинациялауға қатысты өндірушінің ресми ақпаратының негізінде, медициналық қарсы көрсетілімдерін (созылмалы аурулардың, аллергиялық реакциялардың және өзге де қарсы көрсетілімдердің болуы) ескере отырып, осы жас ерекшелік санатындағы адамдарды вакцинациялауға рұқсат беру туралы шешім қабылданды. ҚР Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің тиісті қаулысына қол қойылды», - деді Е. Қиясов Орталық коммуникациялар қызметінде.

Бұдан бұрын хабарланғандай, Ерлан Қиясов коронавирусқа қарсы вакциналау науқанына қатысты түсінік берді. Коронавирус инфекциясына қарсы вакцинациялау жалғасып жатыр. Қазіргі кезде бірінші компонентпен 20 157 адам егілді. 22 ақпаннан бастап екінші компонентпен вакциналау басталып, 2 137 адамға екпе жасалды, қолайсыз көріністер тіркелген жоқ.

Вакцинациялаудан кейінгі қорғаныш әсері, яғни коронавирусқа қарсы антиденелер дозаны алғаш қабылдағаннан кейін 12-14 күннен соң басталады. Толық иммунитетті қамтамасыз ету үшін 21 күндік аралықпен екі компоненттен тұратын вакцинацияның толық курсын алу керек.

Оқи отырыңыз

загрузка...

Соңғы жаңалықтар

Аптасына бір рет ең танымал мақалалардың дайджесін жібереміз

Қызықты материалдар