2014 жылдың I жартыжылдығында жол-көлiк апатынан елімізде 1015 адам көз жұмды, деп хабарлайды Skifnews.kz.
ҚР Бас прокуратурасы құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөнiндегi комитетiнiң баспасөз қызметi таратқан ақпарат бойынша, 2014 жылдың 6 айындағы жол-көлiк оқиғаларын және одан зардап шеккен адамдарды есепке алу мәлiметтеріне сәйкес, республика бойынша барлығы 8608 жол-көлiк оқиғасы тiркелген. Ал 2013 жылдың сәйкес кезеңiнде 8462 жол-көлiк оқиғасы тiркелген болатын.
«2014 жылы тiркелген жол-көлiк оқиғалар саны өткен жылмен салыстырғанда 146-ға немесе 1,7 пайызға артқан. Жол көлiк оқиғаларында 1015 адам қаза тапты және 10911 адам жарақат алды», делінген хабарламада.
Айта кететiн жайт, жол-көлiк апаттары салдарынан қаза болғандар саны жағынан Алматы облысы көш басында тұр. Ондағы көрсеткiш 198 адамды құрайды. Оңтүстiк Қазақстан бойынша - 159, Жамбыл облысында - 90 адам.