$ 494.87  520.65  4.91

Қазақстандағы ең алғашқы тоннель салынбақшы

«Батыс Еуропа - Батыс Қытай» автомагистралінің Шымкент пен Тараз аралығындағы учаскесінде жерасты жолы салынатын болады. Бұл туралы бүгін ҚР Көлік және коммуникация вице-министрі Мереке Пішембаев мәлім етті, деп хабарлайды Skifnews.kz.

― Шымкент пен Тараз аралығындағы шекарада жұмыстар жүргізілуде. Бұл жерде біз Қазақстандағы ең бірінші тоннель салуды жоспарлап отырмыз. Жұмысты Иран компаниясы жүргізуде. Жамбыл облысында Қордай елді мекенін айналып өтетін жол учаскесі аяқталуға жақын. Оны биыл бітіреміз, ― деді вице-министр.

«Батыс Еуропа - Батыс Қытай» көлік дәлізінің 1727 шақырымында құрылыс жұмыстарын аяқтап, қозғалыс ащу жоспарланып отыр. Биылғы жылдың аяғына дейін қосымша 157 шақырымда қозғалыс ашу жоспарлануда. Барлығы қазіргі кезде 1345 шақырымда құрылыс жұмыстарымен қамтылған. Құрылыс жұмыстарына 35 мың адам қатыстырылып, 4 мың жол-құрылыс техникасы жұмылдырылуда.

Министрліктің мәліметі бойынша, «Батыс Еуропа - Батыс Қытай» автобанының Қазақстан аумағындағы жалпы ұзақтығы 2 787 шақырымды құрайды. 2 452 шақырымы қайта салынады, оның ішінде 1390 км - 4 жолақты І техникалық категорияға, 1062 км - ІІ техникалық категорияға келтіріледі. Ал 1079 шақырымда цемент-бетон жамылғысымен салынады. Жобаны аяқтау 2015 жылға жоспарлануда.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары