$ 443.85  474.3  4.8

Өзбекстанда Ислам Каримовтың өлімі туралы ақпаратты жоққа шығарды

Өзбекстан президенті әкімшілігіндегі сенімді дереккөздер Ислам Каримовтың қайтыс болғандығы туралы ақпаратты жоққа шығарды деп жазады BBC News. Дегенмен, әліге дейін билік тарапынан ресми мәлімдеме жасалған жоқ.

"Оның жағдайын дәрігерлер тұрақты деп бағалауда", - деп жазады Интерфакс президент әкімшілігіндегі дереккөзге сілтеме жасап. Ресейлік өзге де бұқаралық ақпарат құралдары дәл осындай мәлімдеме таратты. Дегенмен, дереккөздің аты-жөні хабарланбай отыр.

Ресей президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков та Каримовтың қайтыс болғаны туралы ақпаратты растамады.

Естеріңізге салайық, кеше өзбекстандық бірнеше БАҚ Ислам Каримовты қайтыс болды деп мәлімдеген болатын. Оған дейін президенттің қызы Лола Каримова әкесінің миына қан құйылып, ауыр халде жатқанын айтқан.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары