$ 494.87  520.65  4.91

Өзбекстандық БАҚ Ислам Каримовтың қайтыс болғанын хабарлады

«Фергана.Ру» порталының хабарлауынша, Ташкентте Өзбекстан президенті Ислам Каримов қайтыс болды. Дереккөздің мәліметінше, мемлекет басшысы жергілікті уақытпен сағат 15-16 шамасында көз жұмған.

Әзірге Өзбекстан билігі ешқандай ресми мәлімдеме таратқан жоқ. Бұған дейін президенттің қызы Лола Каримова әкесінің миына қан құйылып кеткенін айтқан болатын.

Өзбекстан ұлттық қозғалысы оппозициялық ұйымының өкілдері хабарлағандай, 78 жастағы Каримов 26 тамыз күні қатты ауырған. Ол ел спортшыларының Рио олимпиадасындағы жеңісін атап өту рәсімінде есін жоғалтып алыпты. Каримов сол кеште алкогольді ішімдікті көп ішкен көрінеді.

Белгілісі, түнгі 12 шамасында ол президент әкімшілігінің жетекшісі Зелимхан Хайдаровпен сөйлескен. Артынша, есінен айрылып, құлап қалыпты. Президентке сол жерде резиденция дәрігерлері алғашқы медициналық көмекті көрсеткен. Кейін оны ауруханаға алып кеткені белгілі.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары