Бразилия сенатының шешімімен Мишел Темер Бразилияның жаңа президенті болып сайланды. Бұған дейінгімемлекет басшысы Дилма Руссефке сенат импичмент жариялаған болатын.
Жаңа президентті ұлықтау рәсімі Бразилия конгресінің ғимаратында өтті.
75 жастағы Темер Бразилияны 2018 жылдың соңына дейін басқарады. Ал, 2018 жылы елде жаңадан президент сайлауы өтіп, халық жаңа көшбасшыны өздері таңдайтын болады.
Руссеф президент кезде Мишел Темер вице-президент қызметін атқарған болатын. Ал, импичмент жарияланған мамыр айынан бастап ол президент міндетін атқарып келді.