$ 494.87  520.65  4.91

"Өлсе" де халқына салмақ түсірмеген президент

Өзбекстанды 27 жыл бойы басқарған Ислам Каримов расымен де қайтыс болған сыңайлы. Оның туған жері Самарқанда жерлеу рәсіміне дайындалып жатыр деп хабарлайды "Ферғана" мен жергілікті "Азаттық" радиосының порталдары.

"Өзбекстан президентінің өлімі жайлы әліге дейін ресми ақапарат жарияланған жоқ. Біздің мәліметімізше, бұл ақпарат жұма күні тарайды. Ал, сенбіде 78 жастағы Өзбекстан президентінің денесі жер қойнауына берілмек", - делінген "Ферғана" порталы таратқан хабарламада. Басылымның жазуынша, президенттің денесі салынған табыт Ташкенттен Самарқанға қарай ұшып кеткен.

Аталған ақпараттық агенттіктер сөздеріне дәлел келтіру үшін жерлеу рәсіміне жүргізіліп жатқан дайындықтың фотосуреттерін жариялады.

"Фотосуреттер айтып тұрғандай, өзбек көшбасшысы тарихи сәулет нысаны саналатын Шахи Зинда ескерткішінің жанындағы мазарға жерленеді. Мұнда Каримовтың екі бауыры мен анасы жатыр", - делінген аталған мақалада.

"Азаттық" радиосының тілшілері болса Самарқанға ел премьері Шавкат Мирзияевтің келгенін хабарлады. Қазір қала көшелерінің жартысы жабылып, көшелерді тазалау жұмыстары жаппай жүруде.

Айта кетерлігі, соғңғы 3-4 күннен бері қазақстандық БАҚ пен әлеуметтік желілерде өзбек президентінің тағдырына қатысты түрлі мақалалар бен жазбалар жариялануда. Фэйсбук қолданушылары Ислам Каримовтың қатал болса да қарапайымдылығын, халқына деген жанашырлығын айтып отыр.

"Ислам Каримов Самарканд қаласында ертең жерленетін болыпты. Өзбек халқы бүгін жерленетін жерін əзірлеген. Өлсе де халқына зиянын тигізіп бара жатқан жоқ. Миллиардтаған қаражат құйылған пантеонға көмілейін деп жатқан жоқ. Ата-бабасы жатқан екі метр қара жерге көміледі. Қолыңда əлемнің байлығы тұрса да, бəріміздің барар жеріміз екі метрлік қара жер. Жатқан жері жайлы, жаны жұмақта болғай. Өзбек халқына көңіл айтамын", - деп жазады Айгүл Орынбек есімді Фэйсбук қолданушысы.

Айта кетейік, Өзбекстанның ресми билігі Ислам Каримовтың қайтыс болмағанын бүгін мәлімдеді. Министрлер кабинетінің хабарлауынша, президент хал үстінде жатыр. Оның жағдайы кеше түнде тым нашарлап кеткен көрінеді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары