$ 449.58  486.94  4.86

Қыздар Қайрат Нұртас үшін шаш жұлысты (ВИДЕО)

Оралда қала күніне орай өткізілген концертке келген қыздар Қайрат Нұртас ән айтқан кезде төбелесіп қалды. Бұл туралы "Мой Город" порталы хабарлап отыр.

П.Атоян атындағы орталық стадионда өткен мерекелік концертке келушілердің саны көп болғаны сонша, трибуналарда ине шаншар орын болған жоқ. Ал, ұйымдастырушылар қазақ эстрадасының ең жарық жұлдызына айналған Қайрат Нұртасты бағдарламаның соңында шығарып, шаршаған халықтың көңілін қайта көтеріп тастады.

Көңілдерінің көтерілгені соншалық, концерт көруге келген жұрт Қайратты жақыннан көру үшін полицейлер күзеткен қоршауды бұзып өтуге сәл қалды. Ал, бойжеткен екі қыз болса сол жерде төбелесіп, шаш жұлысуға дейін барды.

Айта кетейік, тамыз айында Қайрат Нұртас Қостанайда қала күніне арналған концертте ән айтқан еді. Ол кезде әншінің фанаттары сахнаға шығып кетіп, Қайраттың киімін жыртқан болатын.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары