$ 494.87  520.65  4.91

Қазақстан Қырғызстанға 100 млн. доллар беруі мүмкін

Қырғызстан Кеден одағына кіру бойынша «жол картасын» іске асыру үшін Қазақстаннан 100 млн. доллар сұрап отыр. Бұл туралы Қырғызстанның Чолпон-Ата қаласында Кедендік одаққа және Еуразиялық экономикалық кеңістікке кіру жөнінде өткен Қазақстан-Қырғызстан келіссөздерінің қорытындысында Экономика министрі Темір Сариев мәлім етті, деп хабарлайды BNews.kz.

«Қырғызстан Қазақстаннан грант түрінде қаржы беруді сұрады. Қазақстан бұл мәселе бойынша түсіністік танытып отыр. Қазір бұл мәселе Мемлекет басшысы деңгейінде шешіліп жатыр. Аталған мәселе хаттамаға енгізілген», дейді Т.Сариев.

Естеріңізге саламыз, 2014 жылдың 29 мамырында Астанада өткен ЕАЭО отырысында Беларусь, Қазақстан және Ресей Қырғызстанның КО-ға кіруі жөніндегі «жол картасын» мақұлдаған болатын.

Дәл сол күні Ресей «жол картасын» іске асыру үшін Қырғызстанға 200 млн доллар грант бөлетінін жеткізді. Жалпы, Қырғызстан «жол картасын» іске асыруы үшін 377 млн доллар қажет, оның 200 миллионын Ресей бөлді. Осыдан кейін Қазақстан да көмек көрсететінін айтты. Астана көршілесіне жәрдемге шамамен 177 млн доллар бөлуі мүмкін.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары