$ 494.87  520.65  4.91

Қарағандылық қашқын қала маңында қолға түсті

Түрмеден қашып кеткен сотталушы Қарағанды маңында қолға түсті, деп хабарлайды Skifnews.kz.

ҚР ІІМ Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің баспасөз қызметі мәлімдегендей, түзеу мекемесінің шаруашылық ауласынан қашып кеткен сотталушыны құқық қорғау органының қызметкері 1 тәулікке жетер-жетпес мерзімде қолға түсірді.

«Қашқын Қарағанды қаласының Октябрь ауданына қарасты Сахалин ауылы тұсында орналасқан саяжай алабынан ұсталған. Тексеру амалдары жүргізілуде», делінген хабарламада.

Еске сала кетсек, бұған дейін хабарланғандай, Қарағанды облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне қарасты АК-159/1 мекемесінен 5 жылға сотталған азамат қашып кеткен еді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары