$ 494.87  520.65  4.91

Өскеменде көпқабатты үйдің балконынан 3 жасар бала құлап кетті

Үйде әкесі болған.
Фото: ашық дереккөз
Фото: ашық дереккөз

ШҚО Төтенше жағдайлар баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, оқыс оқиға 2 мамыр күні сағат 18:24-те Виноградов көшесінде болған. 

«2018 жылы туған бала 3-қабаттың балконынан құлап кетті. Үйде әкесі болған. Жедел жәрдем дәрігерлері баланы бірден ауруханаға жеткізді. Қазір бүлдіршін Өскемендегі "Ана мен бала" орталығына жатқызылды», - деп хабарлады ведомство өкілдері. 

Осы ретте, құтқарушылар көп жағдайда балалар ата-анасы қараусыз қалдырған кезде құлайтынын ескертті. 
 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары