$ 449.58  486.94  4.86

Өскеменде жол апаты болып, 5 адам зардап шекті

Қазіргі уақытта жол-көлік оқиғасына орай сот-медициналық сараптама тағайындалды.

Өскемен қаласында жеңіл көлік пен «жедел жәрдем» көлігі соқтығысып, 5 адам зардап шекті. Бұл туралы ШҚО Полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Департамент мәліметінше, жол апаты 28 мамырда сағат 14:20 шамасында тіркелді. TOYOTA көлігін тізгіндеп келе жатқан 40 жастағы ер адам жылдамдықты рұқсат етілген шектен асырып, алдында келе жатқан автокөлікті басып озбақ болған.

«Соның салдарынан қарсы бағытта келе жатқан жедел жәрдем көлігімен соқтығысты. Жеңіл көліктегі бес адам, оның ішінде екі бала түрлі дәрежедегі дене жарақаттарын алды», - деп хабарлады ведомство өкілдері.

Қазіргі уақытта жол-көлік оқиғасына орай сот-медициналық сараптама тағайындалды.

Соның қорытындысы бойынша процессуалдық шешім қабылданады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары