$ 498.34  519.72  4.85

Үйлену тойы кезінде қалыңдыққа оқ тиді

Қаңғыған оқ 24 жастағы қалыңдықтың басына тиген.
Фото: ашық дереккөзден
Фото: ашық дереккөзден

Иранда үйлену тойындағы дәстүрлі атыс қайғылы оқиғамен аяқталды. Қаңғыған оқ 24 жастағы қалыңдықтың басына тиіп, тағы екі қонақ жарақат алды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Daily Mail басылымына сілтеме жасап.

 

Басылым мәліметінше, күйеу жігіттің туысқан ағасы аңшы мылтығынан оқ атқан. Оқиғадан кейін ол қашып кеткен. Полицейлер ер адамның қаруға лицензиясы жоқ екенін және оны қалай ұстау керек екенін білмейтінін анықтаған.

Көп ұзамай тәртіп сақшылары күдіктіні қолға түсірген. Ұсталған кезде қалыңдықты өлтірген қару оның жанында болған.

Марқұм қыздың отбасы қызының ағзалары үш адамға донор ретінде берілгенін айтқан. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары