$ 464.72  496.32  5.4

Ақтөбеде айлық табысы 14 мың теңгеден аспайтын тұрғындар саны 30 мыңға жуықтады

Ақтөбе облысында 29 мыңнан астам адам 14 мың теңгеге де жетпейтін айлық жалақымен өмір кешіп жатыр. Бұл туралы Aktobenews.kz ақпарттық порталы жазды.

Облыстық жұмыспен қамту өкілдерінің айтуынша, өңірде 14 мың теңгеге де жетпейтін айлық ақшамен күн көретін адамдардың саны көп болса да, олардың кейбірі әлеуметтік көмекті алмайтын болып шықты.

«Ақтөбе өңірінде тұтыну кәрзеңкесінен төмен деңгейде тұратын отбасылар 18 жасқа дейінгі балалар жәрдемақысын алады. Олардың отбасыларындағы жан басына шаққандағы бір айлық табысы 14 мыңға жетпейді 18 065 бала жәрдемақы алады. Облыста тұтыну кәрзеңкесінен төмен деңгейде тұратын 29 мыңға жуық адам бар», — деді Гүлім Сексенбаева.

Тұрғындардың жағдайын жақсарту мақсатында өңір басшылығы 2018 жылы әлеуметтік көмек көрсетудің жаңа форматын жоспарлап отыр. Ол бойынша:

- Көпбалалы отбасыларға берілетін арнаулы мемлекеттік жәрдемақы;
- Аз қамтылған отбасыларға берілетін он сегіз жасқа дейінгі мемлекеттік балалар жәрдемақысы;
- Аз қамтылған отбасыларға берілетін мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек.

Аталған көмектер жаңаша форматта берілетін болады.

«Атаулы әлеуметтік көмек екіге бөлінеді. Шартсыз және шартты көмек. Шартсыз көмек еңбекке қабілеті жоқ отбасыларға ақшалай түрде беріледі. Шартты көмекте еңбекке жарамды отбасы мүшесін жұмысқа орналастырамыз немесе мемлекеттік бағдарламамен жеке ісін ашады. Олар шағын несиелер алуы мүмкін», — дейді облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Қайрат Отаров.

Бұдан былай еңбекке жарамды ақтөбелік мемлекет ұсынған жұмыстан бас тартса, онда оған мемлекеттік көмек көрсетілмейді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары