$ 498.34  519.72  4.85

Наурызбай ауданында әлеуметтік сала қызметкерлері марапатталды

Ағымдағы жылдың 7 қарашасы күні «Әлеуметтік қорғау жүйесіндегі әлеуметтік қызмеркерлер күні» екені белгілі. Айтулы күнге орай Наурызбай ауданының әкімі Сайфеденов Сайран Тәпенұлының бекіткен жоспар-тапсырмасына сәйкес, жергілікті кәсіпкерлердің қолдауымен, аудандағы мекемелерде жұмыс атқарып жүрген 40 әлеуметтік қызметкерге салтанатты іс-шара өткізіліп, үздіктерін марапаттау рәсімі өтті.

Іс - шара барысында аудан әкімі қызметкерлерді төл мерекелерімен құттықтап, еңбектеріне табыс, отбастарына амандық тіледі. Сондай-ақ, аудан құрылғалы еселі еңбектерімен көзге түскен 14 әлеуметтік қызметкер аудан әкімінің «Мақтау қағазымен» және «Алғыс хатымен» марапатталды.

Сонымен қатар, «Ең үздік әлеуметтік қызметкер» атты конкурс ұйымдастырылып, қатысушылар үш номинация бойынша қойылған талаптар негізінде өзара жарысқа түсті.

Конкурстың мақсаты – аудан бойынша ең үздік әлеуметтік қызметкерді анықтау, сонымен қатар, әлеуметтік қызметкерлердің беделін арттыру, үздік жұмыс тәжірибесін жұмыс барысында қолданысқа енгізу болып табылады.

Ал конкурстың міндеті болса мынадай: әлеуметтік қызметкерлердің жүйе бойынша қызметін ынталандыру және аудандық мекемелердегі әлеуметтік қызметкерлердің бір – бірімен ара қатынасын нығайту болып табылды.

Әділқазылар алқасының қорытындысына сәйкес, «Ең үздік әлеуметтік қызметкер» болып №157 ЖББ мектептің әлеуметтік педагогы Жұрғабаева Бақытгүл Қадырбайқызы, 2-ші орынға аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің мүмкіндігі шектеулі балаларға үйде қызмет көрсететін әлеуметтік қызметкері Бартаева Эльмира Өмірғалиқызы және 3-ші орынға жалғызбасты мүгедектер мен зейнеткерлерге қызмет көрсететін әлеуметтік қызметкер Жандыбаева Калила Қалиқызы ие болды.

Мерекелі шара көңілді ән мен ақ тілектерге жалғасып, қызметкерлер аудан әкімі атына өз алғыстарын білдірді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары