$ 446.49  475.38  4.79

Сыбайлас жемқорлықпен күрес - ортақ парызымыз

Отырар аудандық Кірістер басқармасында құқық қорғау органдары, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа  қарсы іс-қимыл агенттігінің Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша департаментінің Сырдария аймағы бойынша ауданаралық  басқармасы мен «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалы өкілдерінің қатысуымен «Сыбайлас жемқорлықпен күрес - ортақ парызымыз» атты семинар-кеңес өтті.

Сыбайлас жемқорлықпен күрес және оған байланысты құқықбұзушылықтарды болдырмау мақсатында өткен семинар-кеңесті аудандық мемлекеттік Кірістер басқармасы басшысының міндетін атқарушы М.Жуасбай жүргізді.

Аталмыш басқарманың салықты әкімшілендіру бөлімінің бас маманы С.Шындалы жемқорлық өз мүддесін ғана ойлап, заңды айналып өтіп, материалдық және заңдылық артықшылықтарды иелену екендігін айта келе, салық қызметінің негізгі міндеттеріне тоқталды.

Жиында келесі сөз кезегін алған аудандық ҚСжАЕЖКБ-ның заңдылық қадағалау бас маманы Н.Тұрғынов сыбайлас жемқорлыққа жол берген, яғни пара берген немесе пара алған мемлекеттік қызметкер Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 311, 312-баптарына сай мүлкі тәркіленіп, он жылдан он бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазалантындығын және басқарма қызметкерлеріне арнайы рейдтерге, тексерулерге шыққан мамандар қалай жұмыс істеу керектігін айтып, тіркелу ережелері бойынша егжей-тегжейлі мағұлмат беріп өтті.

Жиынға қатысқан Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа  қарсы іс-қимыл агенттігінің Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша департаментінің Сырдария аймағы бойынша ауданаралық  басқармасы басшысының кеңесшісі Б.Б.Қалмұратов пен Отырар аудандық прокурорының көмекшісі М.Әбілбашаров, «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Б.Жүніс те өз ойларымен бөлісіп, сыбайластықпен күрестің мақсаттары мен міндеттері жайлы тілге тиек етті.

Семинар-кеңес барысында құзырлы органдар өкілдері қойылған сауалдарға жауап беріп, түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

Жиын соңында аудандық Кірістер басқармасы басшысының міндетін атқарушы М.Жуасбай семинар-кеңеске қатысушыларға алғысын жеткізіп, оларды қызмет барысында сыбайлас жемқорлықпен бірлесе отырып күресуге шақырды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары