$ 494.87  520.65  4.91

Жас ұрпақты сыбайлас жемқорлыққа қарсы тәрбиелеу ұлт болашағы үшін аса маңызды

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мүлдем төзбеушілік ахуалын қалыптастыру әрбір қазақстандықтың азаматтық парызы болуы керек, шыншылдық және сатылмаушылық қағидатын ұстануы қажет. Өсіп келе жатқан жастардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетін арттыру маңызды мәселе болып қала бермек. Яғни, ерте бастан сыбайлас жемқорлықтың әлеуметтік індет екенін жеткізу, бұл жамандық атаулыны түбімен жоюға өз септігін тигізеді.

Осыған орай, жуырда  Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша департаментімен  Шымкент қаласындағы «Мирас» университетінде семинар өткізілді. 

Аталған іс-шараның мақсаты өскелең ұрпақты қазақстандық патриотизмге және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылыққа мүлдем төзбеушілікке тәрбиелеу, сондай-ақ бүкіл қоғамды қатыстыра отырып ҚР 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын іске асыру болып табылады. Тек қана мемлекетпен қоғамның тығыз байланысы ғана сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұра алады.     

Іс-шара барысында университет студенттерімен әңгімелесу жүргізіліп, тыңдаушыларды Департаменттің құрылымымен, оның сыбайлас жемқорлыққа қарсы атқарып жатқан жұмысымен және мемлекеттік қызмет өткеру, ҚР 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясымен таныстырды.

Іс-шара соңында сыбайлас жемқорлыққа қарсы тақырыпта студенттер өз ойларымен бөлісіп, анонимді сауалнама жүргізілді. Қорытындылай келе азаматтардың өздерінің заңды мүдделерін іске асыру барысында құқықтық сауаттылығының төмендігі себепті сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылыққа алып келетіндігін жеткізді. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары