$ 444.32  473.33  4.76

Шымкентке кейін қосылған елдімекендер қала статусына сәйкестендіріледі

Шымкентке кейін қосылған елдімекендерді қала статусына сәйкестендіру өзекті мәселе. Себебі бұрын аудан деңгейінде қалыптасып қойған ауылдарда коммерциялық нысандар жоспарға енбеген. Таяуда Шымкенттің бас жоспарын жүзеге асыру мақсатында тиісті сала мамандары халықпен жүздесті.

«Шаңырақ», «Өтеміс», «Қайнарбұлақ», «Елтай», «Достық», «Абдулабат», «Текесу» - алып шаһардың шекарасын құраған  тұрғын үй алаптары. Осы елдімекендердің егжей-тегжейлі жоспарлау жобаларын бекіту барысында көптеген кедергілер кездесуде. Бұл жолғы жиында «Шаңырақ» тұрғын үй алабының жобасы қаралды.   Қалыптасып қойған елдімекендегі көптеген нысандар заңға сәйкестендірілуі керек. 

Бұған қатысты «Югстройпроект» ЖШС бас сәулетшісі Қасиет Ташымбетов: «Бұрынғы кезде таратылып кеткен жер учаскелері санитарлық қорғау аймақтары да таратылып кеткен. Ол жерде соғылған және соғылмаған нысандар бар. Жоспарда соның бәрін алдын ала ендіріп ертең үлкен мәселе болмасын деген мақсатта  тұрғындармен кездесіп отырмыз»-дейді.

 Қазірдің өзінде Шаңырақ мөлтекауданында  13 мыңдай тұрғын бар.  Алдағы уақытта халық саны 15 мыңға жетсе де тұрғындарға қолайлы орта қалыптастыру керек – дейді мамандар. Сол жергілікті азаматтарға  қандай әлеуметтік нысандар керек соны бағамдау жұмыстары жүргізілуде. Жиынға келген тұрғындар да жоспарға енбей қалған нысандарды алға тартты. Жиынның мақсаты да сол жоспарды бекіту барысында олқылықтарға жол бермеу. Шымкентке қосылған елдімекендер қала стандарттарына сәйкестендірілуі  керек. Жер асты өткелдері,  жаяу жүргінші  мен көшедегі жолдардың еніне дейін өз талаптары бар. Алдағы уақытта барлық елдімекендердің егжей-тегжейлі жоспарлау жобасы бекітіледі.    Десек те  кейін қосылған елдімекендер 90 пайызы қалыптасып қойған  аудандар. Демографиялық  жағдайды да  назардан шығармаған мамандар  әлеуметтік нысандар мен коммерциялық жобаларды жоспарға  ендіруді қолға алды. 

«SN.kz» - ақпарат»

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары