$ 498.51  522.84  4.81

Шымкент қаласы әкімдігі соғыс ардагеріне теледидар сыйлады

2019 жылдың 2 мамырында Шымкент қаласы әкімдігі тарапынан Ұлы Отан соғысының (ҰОС) ардагері Ғани Ергешевтің жеке есеп шотына 252 500 теңге көлемінде бір реттік қаржылай көмек аударылған-ды. Ал бүгін Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының басшысы қарт майдангердің шаңырағына арнайы барып, қосымша теледидарды сыйға тарту етті.

Сонымен қатар «Асыл Әлем» қоғамдық бірлестігі атынан 20000 теңге көлемінде барлық 52 ҰОС ардагеріне дәрі-дәрмек алу үшін сертификат табыс етілді.

Еске салайық, шымкенттік ҰОС ардагерлеріне жыл сайын әлеуметтік қолдаулар мен құрмет көрсетіліп келеді. Мәселен, оларға медициналық көмек республикалық әрі өңірлік деңгейде ақысыз көрсетіледі. Сонымен қатар жыл сайын аға ұрпақ өкілдерін сауықтыру мақсатында 5 мыңға жуық жекелеген санаттағы азаматқа түрлі сауықтыру орталықтарына жолдама беріледі. Бұдан бөлек 2000-нан астам ҰОС ардагері мен тыл ардагері тегін баспасөз басылымдарына жазылуда.

Айта кетерлігі, Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне «көгілдір отыннан» басқа коммуналдық қызметтің барлығы тегін көрсетіледі.

«SN.kz»-ақпарат.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары