$ 494.87  520.65  4.91

Шымкенттегі автобустарда электронды төлем жүйесі енгізіледі

Жыл басынан бері Шымкент қаласында 21 көлік компаниясына кемшіліктерді жою жөнінде 67 ескерту хат жолданған. Қалалық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Қуатжан Жұматаевтың айтуынша, қоғамдық көлік бағыттарының жұмысын бақылау мақсатында көлік компанияларының өкілдерімен бірге рейдтік іс-шаралар ұйымдастырылып жатыр. 2019 жылдың нәтижесінде талапты сақтамаған екі бағытпен келісімшарт бұзылған.

Қалада 2018 жылы әлеуметтік маңызды жалпы 10 бағыт бойынша автобустар шалғайдағы шағынаудандарға қатынай бастаған. Атап өтсек, №№55, 141, 142, 143, 144, 146, 147, 148, 149 және 150 бағыттар күнделікті қала тұрғындарын тасымалда, қызмет көрсетеді.

– «SHYMKENT» ӘКК» АҚ биыл 1000 автобус сатып алуды жоспарлауда. Жоба бойынша 300 автобус маусым-шілде айларында, қалған 700 автобус жылдың соңына дейін сатып алынады. Электронды төлем жүйесін ендіру бойынша корпорация әлеуетті инвестор «Оңай» ЖШС-мен бірге жұмыстар істелуде. Электронды төлем жүйесін 2019 жылы бастап, 2020 жылдың бірінші жарты жылдығында ендіру жоспарланып отыр, - деді басқарма басшысы.

Сондай-ақ бүгінде шаһарда 33 шақырымды құрайтын 11 магистралды көшеде құрылыс, қайта құру және орташа жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Бір жерүсті өткелінің және 5 көпірдің құрылысы және қайта құру жұмыстары атқарылып жатыр.

«SN.kz»-ақпарат.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары