$ 448.56  478.03  4.79

Шымкентте белсенді өмір сүру орталығы ашылды

Нысанның салтанатты ашылу рәсіміне Шымкент шаһарының басшысы Ғабидолла Әбдірахымов, қала әкімінің бірінші орынбасары Қайрат Нұртай, ардагерлер, зиялы қауым өкілдері қатысты.

– Қоғамның дамуы қарияларымызға көрсетілетін қамқорлықпен байқалады, – деді қала әкімі. – Жылдың басындағы есептік кездесуде қала тұрғындарының бірі менен Шымкенттен қарт кісілерге өмір салтын жақсартып, дене шынықтыруға арналған орталық ашуды сұранған болатын. Міне, бүгін осы орталықты ашып отырмыз. Зейнеткерлер мен қариялар бұл орталыққа отбасымен, балалары және немерелерімен келе алады.

Атап өтерлігі, бұл – мегаполистегі алғашқы көп функционалды орталық. Мұнда интернет-кафе, физиологиялық кабинет, кинозал, кітапхана, жаттығу залы мен йога, үстел теннисі, бильярд ойнау секциялары бар. Зейнеткерлер мен мүмкіндігі шектеулі жандар, балалар үйінің тәрбиеленушілері осында бос уақыттарын өткізіп, денсаулықтарын жақсарта алады. Зейнеткерлерге тегін әлеуметтік және медициналық қызмет көрсетіледі. Шымкенттегі бұл алғашқы орталық Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың отандастарымыздың өмір сүру жасын ұзарту мен бұқаралық спортты дамыту бойынша тапсырмасы аясында ашылып отыр. Айта кетейік, шымкенттіктердің өмір сүру жасы ұзарып келеді. Мегаполис тұрғындарының қазіргі таңдағы орташа жасы 78-ден асады.

Қала әкімі тұрғындарды спортпен жаппай шұғылданып, салауатты өмір салтын ұстануға шақырды.

Бұл күні зейнеткерлерге арнап концерттік бағдарлама қойылып, қариялар би биледі. Өздеріне көрсетілген қамқорлықты сезініп, бір жасап қалды. Жоба өз тиімділігін көрсетсе, қаладағы 4 ауданнан ашу жоспарланған.

«SN.kz»-ақпарат.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары