$ 444.32  473.33  4.76

«Банкротқа ұшырауына еш қатысым жоқ» - сенатор Нұралиев кәсіпкердің сөзін «қып-қызыл жала» дейді (ВИДЕО)

Алайда, депутат Нұралиев «Подгорный» АҚ-ның таралуына еш қатысым жоқ деп ант-су ішіп отыр.

Жамбыл облысы Тұрар Рысқұлов ауданының тұрғыны – кәсіпкер Сәбит Сұлтанның ірі бизнесінен қалай айрылғаны туралы бұған дейін жазған болатынбыз. Ол өзіне тиесілі акционерлік қоғамның банкрот болуына Сенат депутаты Әбдәлі Нұралиевті айыптады. 25 жыл жұмыс істеп, 400-дей адамды жұмыспен қамтыған қожалық бүгінде жұмысын толықтай тоқтатқан.

Алайда, депутат Нұралиев «Подгорный» АҚ-ның таралуына еш қатысым жоқ деп ант-су ішіп отыр. Кәсіпкер Сәбит Сұлтанның сөзін ол қып-қызыл жала дейді. Azattyq Rýhy тілшісіне сұхбат берген сенатор керісінше, ірі шаруа қожалығына көмек бергенін айтты. Алайда, банкроттықтан сақтап қалу қолынан келмепті.

«Бұл ақпарат шындыққа жанаспайды. Кеше оқып күйзеліске түстім. Аққа күйе жаққандай. Осы «Подгорный» шаруашылығына мен 5 мың гектар жердің берілуіне ықпал еткем, яғни көмек көрсеттім. Ал, банкротқа ұшырауына еш қатысым жоқ, ұжымның арасында проблемалары болды. Ыдырағаннан кейін де жерін алған жоқпын. Сол кездегі орынбасарларымның жерді алған-алмағанынан хабарым жоқ. Мен бүкіл жетістігіме өз еңбегіммен жеткен адаммын, ешкімнің бизнесіне көз тіккен емеспін», - дейді сенатор Әбдәлі Нұрәлиев.

Еске салайық, жамбылдық кәсіпкер Сәбит Сұлтан Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтан және Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтан көмек сұраған еді. Айтуынша, екі мың оныншы жылдардың басында оның иелігіндегі санаторийге және шаруа қожалығына сол кездегі аудан әкімі (қазіргі сенатор) Әбдәлі Нұралиев көз тігіп, тартып алмақ болған көрінеді. Алайда, ала алмағаннан кейін компанияға сан түрлі тексерулер келіп, ақыры банкрот етіп жауып тынған.

Дереккөз: Азаттық рухы

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары