Жұмысқа жарамды адамдар отбасын асырауға жауапты. Тек АӘК-ке сеніп отыру – масылдық. Бұл туралы Алматы қалалық Әлеуметтік әл-ауқат басқармасы басшысының міндетін атқарушы Данияр Әлкебайұлы брифинг барысында айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Оның айтуынша, қазір АӘК-ке құжат тапсырып жатқан отбасы мүшелері жұмысқа жарамды. Алайда, Жұмыспен қамту орталықтары ұсынған жұмысты көбі істегісі келмейді.
«Құжат тапсырғандардың көпшілігі жұмысқа жарамды. Алайда, олар 200-300 мың теңгенің жұмысы болмаса орналаспаймыз дейді. Ондай жалақыны біздің мекеменің қызметкерлері де алмайды. Көбі 100 мың теңгенің айналасында еңбекақы алады. Жұмыс бола тұра, одан бас тартатындарға атаулы әлеуметтік көмек тағайындалмайды», - дейді Данияр Әлкебайұлы.
Сонымен қатар, ол әлеуметтік жағдайы аз қамтылған отбасыдан шыққан балаларға қосымша жеңілдік те жасалатынын жеткізді.
Тағы оқи отырыңыз: «Отағасы АӘК-ке қарап отырмай, ақша табуы керек» - Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі
«Қазір оқушыларды мектеп киімімен және ыстық тамақпен қамтамасыз ету қолға алынып жатыр. Сондай-ақ, қаладағы барлық оқушылар үшін қоғамдық көлікпен жүруде 50% жеңілдік жасалған», - деп атап өтті басқарма басшысының міндетін атқарушы.