$ 444.32  473.33  4.76

Сағынтаев коронавирусқа қарсы кімдердің тестілеуден өтетінін айтты (ВИДЕО)

Тестілеуден өтуге респираторлық ауру белгілері бар, өкпе қабынуымен (пневмония) ауыратын және тыныс алу органындағы сырқатымен есепте тұрған қала тұрғындары да қамтылмақ.
фото: zakon.kz
фото: zakon.kz

Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев Instagram парақшасында кімдердің коронавирусқа қарсы тексеруден өтетінін айтты, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

"Коронавирус індетімен күрестегі маңызды кезеңнің бірі – әлеуетті науқастарды іздеу мен анықтауға белсенді кірісу. Басқа елдерден келген науқастар және олармен байланыста болған азаматтар анықталғаннан кейін міндетті тестілеуге жататын жандардың аясы кеңейді. «Жедел жәрдем», емханалар мен ауруханалардың қабылдау бөлмелеріндегі, провизорлық стационарлар мен зертханалардағы медицина қызметкерлеріне ерекше көңіл бөлінеді. Санэпидемиологтар сияқты олар да үнемі тестілеуден өтеді.

Бұдан өзге медициналық қызметкерлер, полицейлер, әскери қызметшілер мен блок-бекеттегі мемлекеттік органдардың қызметкерлері де тексеруден өтеді. Сондай-ақ, тестілеуден өтуге респираторлық ауру белгілері бар, өкпе қабынуымен (пневмония) ауыратын және тыныс алу органындағы сырқатымен есепте тұрған қала тұрғындары да қамтылмақ. Сонымен қатар, жедел-тестілеуден қаланың қалыпты тіршілігін қамтамасыз ететін қызметтер мен кәсіпорындарының жұмысшылары да өтетін болады", - делінген Сағынтаевтың желіге жүктеген видеосының астындағы жазбада.

 Сондай-ақ, ол вирустың жасырын ошағын дер кезінде анықтау арқылы қаладағы эпидемиологиялық жағдайды бақылауда ұстауға мүмкіндік бар екендігін жеткізді.  

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары