$ 494.87  520.65  4.91

«Қазақстанда бес жүз мың адам коронавирус жұқтырған» - дәрігер (ВИДЕО)

Пневмония жұқтырғандардың 20 пайызында коронавирусты пневмония анықталып жатыр деген сөз.  Бірақ компьютер және рентген сараптамаларына сенсек, қалған 80 пайызының өзінде коронавирусқа тән өзгерістер бары анық болып отыр. Осындай есепке салсақ, елдегі коронавирус жұқтырғандардың саны жарты миллионға жетіп қалды.

Елімізде коронавирус жұқтырғандардың саны 65 мыңнан асты. 375 адам қайтыс болды. Ресми статистика бойынша жағдайымыз осындай.

Алайда, кейбір мамандар еліміздегі коронавирус құрбандарының нақты саны ресми статистикадан әлдеқайда көп екенін айтады. Олардың сөзіне сенсек, еліміздегі коронавирус жұқтырған адамдардың саны жарты миллионға жетуі мүмкін, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Осыдан бірнеше күн бұрын ғана сoronavirus2020.kz сайтындағы күнделікті жарияланып жатқан мәліметтердің шындыққа жанаспайтынын айтып Денсаулық сақтау министрі Алексей Цойдың атына «статистикамен ойнауды тоқтату керек!» деп үндеу жолдаған дәрігер Мыңжылқы Бердіқожаев журналист Нартай Аралбайұлының Youtube арнасына сұқбат берді. 

Сол сұхбатында Алматыдағы «Орталық клиникалық аурухана» нейрохирургия орталығының меңгерушісі Мыңжылқы Бердіқожаев қазақстанда бес жүз мың адамның коронавирус жұқтырғанын айтқан. Оның айтуынша, елміздегі ПЦР тесттерінің дәлдігінің өте төмен. Сол себепті, коронавирусқа қатысты ақпараттар толық ашылмай жатыр.

«Он күннің ішінде яғни 25 маусымнан 5 шілдеге дейінгі аралықта 415 пневмония анықталған. Олардың шамамен 20 пайызында, бәлкім одан да төмен шығар ПЦР тесттері арқылы коронавирус белгілері барын анықтадық. Қалған 80 пайызы ПЦР дәлелденбеген. Яғни 100 пайыздық көрсеткішпен алатын болсақ, пневмония жұқтырғандардың 20 пайызында коронавирустық пневмония анықталып жатыр деген сөз. Бірақ компьютер және рентген сараптамаларына сенсек, қалған 80 пайызының көбінде коронавирусқа тән өзгерістер бары анық болып отыр. Осындай есепке салсақ, елдегі коронавирус жұқтырғандардың саны жарты миллионға жетіп қалды», – деп атап көрсетеді. 

Сонымен қатар, бұл жорамалына нақты дәлелдер де келтірген. 

«Ол былай ғой, коронавирустың 80 пайызы сиптомсыз немесе жеңіл түрде өтеді немесе орташа түрде өтеді. Қалған 15-20 пайызында ғана ауыр түрде өтіп жатыр. Қайтыс болып жатқан немесе ауруханаға түсіп қалып жатқандардың барлығы да осында ауыр түрдегі немесе орташа түрдегі науқастар. Өткен жылы еліміз бойынша 60 мың пневмония болса, 2020 жылы шілденің бір аптасында ғана 60 мың пневмония тіркелді. Яғни бір аптаның ішінде бір жылдық пневмонияны жұқтырып тұрмыз деген сөз. Енді қолыңыздағы тұрған осы цифрларды жай соның процентіне көбейте бересіз. Пропорциямен. Ол шындық. Өкініштісі, ешкім коронавирустың бар екенін мойындамайды»,– деді маман.

Оқи отырыңыздар: «Министрлік статистикамен ойнап отыр» - дәрігер

Сұқбат барысында дәрігер коронавирустың қазақстандық штаммы пайда болғанын, оны жай  тестпен анықтау мүмкін еместігін де айтқан.

«Вирус бүгінде толықтай мутацияға ұшырады деп айтуға болады. Енді оны қазіргі қолдағы ескі тесттік жүйелер анықтай алмайды. Қате көрсетеді. Оны анықтау үшін жаңа тест үлгілері жасалу керек. Сондықтан тест өткізуді тоқтату керек», - деп атап өткен. 

Сондай-ақ ол, осындай жағдаймен жүре берсек Қазақстанда коронавирус жұқтырғандардың саны 3 миллион дейін жетуі мүмкін екенін айтқан. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары