$ 494.87  520.65  4.91

«Айсұлтанмен бірге қасиетті Меккеде Умра қажылығын атқарған едік» - Мұхамеджан Тазабек

Олар әр түрлі ойындардың қызығына кіргені сондай, дәретхананың ішіне сусыны мен тамағын ала кіріп, қажеттілік өтейтін жердің қаяуында сағаттап отырады" дегенін естіп, жүрегім ауырған еді.
фото: qazweek.kz
фото: qazweek.kz

"Асыл арна" телеарнасының негізін салушысы әрі директоры Мұхамеджан Тазабек Айсұлтан Рахатпен бірген өткізген сәтті есіне алды. Қоғам белсендісі бұдан оншақты жыл бұрын марқұм Айсұлтанмен сапарлас болып, Умра қажылығын өтеген, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы, автордың желідегі жазбасына сілтеме жасап.

Мұхамеджан Тазабектің пайымдауынша, жастай кеткен Дариға Назарбаеваның ұлы ойлы, жақсы жігіт болған.

"Оншақты жыл бұрын Айсұлтанмен бірге қасиетті Меккеде бірге болып, Умра қажылығын атқарған едік. Екі-үш күннің ішінде қатты әсерленіп, жаны нұрланып, көп жақсы сөздер айтқан еді. Әсіресе, қайтар жолда, елге жеткенше ұшақ ішіндегі үш-төрт сағаттық әңгіме әлі есімде", - деп Назарбаевтың жиенінің сол кезде не айтқанын оқырмандарына жариялады.

"Аға, қазіргі жастарды білмейсіз ғой, қатты өзгеріп кетті. Рухани құндылық дегендер аяқ асты болып, жастар тек бір күндік рахатын ғана ойлайды. Олар әр түрлі ойындардың қызығына кіргені сондай, дәретхананың ішіне сусыны мен тамағын ала кіріп, қажеттілік өтейтін жердің қаяуында сағаттап отырады" дегенін естіп, жүрегім ауырған еді.

"Болды, елге жеткесін өзім де бүтіндей өзгерем, достарымды да имандылыққа, ізгілікке тартамын" деп, шабыттанып, ерекше есейіп оралған еді...

Тағы оқи отырыңыз: Биыл өмірі үшін қауіптенген Айсұлтанның өлімінде «күмәнді нәрсе» неге көп? (ВИДЕО)

«Бәрінің алдында абыроймен жауап беріңіз!» - Айсұлтан Рахаттың соңғы жазбасы

Өкінішті... Тәубеге бүтіндей келетін, Алланың сүйікті құлы атанып, "толық адам" бейнесінде өзіне де, отбасы, ортасына да жақсылығын жаятын жасында жаман ортаның кесапатынан арқанын үзе алмай, қыршынынан қиылды.

Ұлы сапарда бірге болған бауырымыз еді, ақыретін Ұлы Раббымыздың әділдігіне тапсырамыз", -  деп марқұмның артында қалған жанашырларына, жоқтаушыларына "көркем сабыр берсін!" деп жазды.

Естеріңізге сала кетейік, 16 тамыз күні Айсұлтан Рахаттың қайтыс болғаны белгілі болған еді. Бұл жайлы ақпарат жариялағанбыз. Осы қаралы хабар отандық БАҚ-да тарай салысымен, Дариға Назарбаева ұлының өліміне қатысты мәлімдеме жасап, жазба жариялады. Оның жазбасында: «Біздің отбасымыз сүйікті Айсұлтанымыздың дүниеден озғанына байланысты сарыла қайғыруда. Осы қаралы кезеңде халайық бұл орны толмас қазаға қатысты түсіністігі мен әдептілігін танытады деп сенеміз» делінген.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары