$ 494.87  520.65  4.91

Сапарбаев ата-аналардың шағымына құлақ асты

Қазіргі таңда мұнда 15 кезекші сыныпта 199 оқушы білім алуда.
фото: inbusiness.kz
фото: inbusiness.kz

Мемлекет басшысының бастамасымен қолға алынған «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасы Жамбыл облысында сәтті жүзеге асуда. Бұл туралы Skifnews.kz ақпарат порталы, Жамбыл облысының әкімдігіне сілтеме жасап хабарлайды.

Айталық, әлеуметтік желілерде ата-аналар Тараз қаласындағы №31 орта мектептің ғимараты аянышты жағдайда екендігін, балалар суық кабинеттерде білім алып жатқандығын жазған болатын.

Аймақ басшысы Бердібек Сапарбаев ата-аналар шағымына дереу жауап қатты. Сәрсенбі, 18 қараша күні ол аталған мектепке арнайы барып, кабинеттерді, спортзал мен асхананы аралап, жай-күйімен танысты.

Айта кетейік, 1963 жылы іргесі қаланған ғимараттың 57 жыл ішінде ескіріп-тозғандығы көзге ұрып тұр.

"Мектеп ешқашан күрделі жөндеуден өткен емес. Терезелерді, едендер мен есіктерді, шатырын, кәріз, электр және жылумен жабдықтау жүйелерін ауыстыру керек", - дейді директор Марина Алехина.


Аймақ басшысы ата-аналар мен мектеп басшылығы көтерген мәселелердің шешілетініне сендірді.

"Түрлі нұсқаларды қарастырып, тиімдісін таңдаңыздар. Мектеп күрделі жөндеуден өтуі немесе қайта салынуы керек. Барлық жағдайларды ескере отырып, жобалық-сметалық құжаттаманы дайындаңыздар", - деп облыс әкімі құрылыс және білім басқармаларына тапсырма берді.

Қазіргі таңда мұнда 15 кезекші сыныпта 199 оқушы білім алуда. Бердібек Сапарбаев балаларды санитарлық нормаларды қатаң сақтауға шақырды. Ол мұғалімдерге тек жалпы білім берумен шектеліп қана қоймай, сонымен бірге балалардың ой-өрісін кеңейтуге күш салу керектігін баса айтты.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары